07.04.2018, 13:54 6053

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Үндістан елшісімен кездесті

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға Үндістаннан 339,6 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылған. Ал өткен жылы қос елдіӊ арасындағы тауар айналымы - 945,7 млн. АҚШ долларын құраса, оныӊ ішінде экспорт - 733,2 млн. АҚШ долларын, импорт - 2,12 млн АҚШ долларын құраған.

Шымкент. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі мейманға жылдыӊ басында ресми түрде басталған Қазақстандағы дипломатиялық миссиясына сәттілік тілеп, ынтымақтастық жылдарында Қазақстан мен Үндістан ірі сауда және инвестициялық әріптеске айналғанын атап өтті.

Бүгінде екі ел арасында өзара тиімді серіктестік пен өте тығыз қарым-қатынас орнатылған. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға Үндістаннан 339,6 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестиция тартылған. Ал өткен жылы қос елдіӊ арасындағы тауар айналымы - 945,7 млн. АҚШ долларын құраса, оныӊ ішінде экспорт - 733,2 млн. АҚШ долларын, импорт - 2,12 млн АҚШ долларын құраған.

Оӊтүстік Қазақстан халқыныӊ тығыз орналасу жағынан Қазақстандағы алғашқы облыстардыӊ бірі екенін айтқан өӊір басшысы мұнда өндірістік және экономикалық әлеуеті мол аграрлық-индустриялық аймақ екенін жеткізді. Сондықтан да Оӊтүстік пен Үндістанныӊ өӊірлері арасында өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндіктіӊ мол екеніне сенім білдірді.

Өз кезегінде Үндістан елшісі туризм, мәдениет және білім саласында әріптестікті дамытуға дайын екенін айтып, 2017 жылдыӊ сәуір айында Үндістан делегациясы Оӊтүстік Қазақстанда жұмыс сапарымен болғанын еске салды. Мақта экспортын дамыту бойынша құралған үндістандық делегаттар Оӊтүстік өӊіріндегі бірқатар жеӊіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардыӊ жұмысымен танысқанын айтқан елші осы бағытта да әріптестік орнатуға дайын екенін мәлім етті.

Сонымен қатар, осы күні Үндістанныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумардыӊ қатысуымен Шымент қаласындағы дендросаябақта ағаш отырғызылды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны