30.10.2016, 00:10 4505

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болды

Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданындағы әлеуметтік нысандарда болып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 29 қазан. Kazakhstan Today - Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Төлеби ауданындағы әлеуметтік нысандарда болып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жұмысшы топ, еӊ алдымен, Киелітас ауылдық округіндегі "Газпромнефть-Битум Казахстан" зауытын көріп, жұмысшыларымен сөйлесті. Автокөлік жолдарына арналған битум шығару өндіріс орнынан өндірілетін өнім еліміздіӊ үш облысы - Алматы, Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстанныӊ тасжолдарына қолданылады. 2011 жылы "Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы" аясында іске қосылған битум зауытында биыл 170 мыӊ тонна битум өндіруге қол жеткізілді. Осы жылдан бастап Тәжікстан мен Өзбекстанға дайын өнім эспорттай бастаған өнеркәсіп орнында жергілікті 80 адам жұмыспен қамтылған.

Зауыттыӊ бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанық болған Ж.Түймебаев жұмысқа жергілікті халықты көптеп тарту ісіне мән беру керектігіне назар аударып, зауытты кеӊейту жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Мұнан соӊ, әкім аталған елді мекенге қарасты асыл тұқымды құс шаруашылығы "Қызылжар" ЖШС-н аралады. 8 га жерге орналасқан құс фермасында 28 мыӊға жуық Хайтекс Браун тауықтары тәулігіне 28 мыӊ дана жұмыртқа береді. Жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтыған серіктестік жылына 2 мыӊ тонна ет өндіретін құс фабрикасын салмақшы. Бұл ретте аймақ басшысы аудан әкімі Б.Пармановқа құс шаруашылығына қосымша жер беруде жергілікті әкімшілік тарапынан қажетті қолдаулардыӊ жасалу керектігін жүктеді.

Кемеқалған ауылдық округіндегі "Алма-тау" демалыс аймағы да жұмысшы топтыӊ назарынан тыс қалған жоқ. Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін барлық жағдайы жасалған аймақта жергілікті 120 адам екі ауысымда жұмыс істеп, келушілерге қызмет етеді. Екі жылдан бері нарықта жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге облыс әкімі қолдағы бар жағдайды қаржы көзіне тиімді айналдырып, шетелдік және жергілікті компаниялармен, оқу орындары, зауыт, фабрикалар сынды құрылымдармен келісім-шарт жасап, отандық туризмді дамытып, бизнесті өркендету керектігін ұсынды.

Мұнан соӊ, өӊір басшысы аудан орталығы - Ленгердегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, кеӊес алушы болашақ кәсіпкерлермен тілдесті. Жауапты мамандарға жедел әрі тиімді қызмет көрсетуді тапсырған Жансейіт Қансейітұлы бизнесті бастаушы азаматтардыӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Соӊғы нысан - шаһардағы П.Тәжібаева атындағы 800 орындық мектебі болды. Күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты мемлекеттік сатып алу ісінде кешеуілдеуге тап болып, мерзімінен кеш басталған жөндеу жұмыстары 25 желтоқсанға дейін аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі таӊда мектеп оқуышылары 22 автобуспен 2 мектепке тасымалданып, оқытылуда. Бар мәселеге қаныққан облыс әкімі мердігер мекемеге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.

Төлеби ауданына жұмыс сапары соӊында Ж.Түймебаев ауданныӊ активімен кездесті. Төлебидіӊ әкімі Бұхарбай Парманов жыл басынан бері атқарылған ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндады.

Қорытынды сөзді алған аймақ басшысы Төлебидегі бірқатар салалар бойынша сын, ескертпелер жасады. Таулы аймақтағы туризм саласын одан әрі дамытып, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруды тапсырған бірінші басшы бұл ретте, жерді тиімді пайдаланып, одан экологиялық таза, табиғи өнімді алу керектігіне назар аударды. Сонымен бірге, әрбір мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, өӊіріміздіӊ өсіп, өркендеуінде патриот болуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны