11.12.2009, 15:36 3203

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

Шымкент. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ил-Фараби аудандық сотының шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық №2 сотының бұрынғы судьясына жалпы тәртіптегі абақтыда өтеумен тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың наурызында судьяны қаржы полициясының қызметкерлері қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша жазаны жеңілдету үшін 180 мың теңге пара беру дерегі үшін ұстаған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының бопсалау жолымен пара алу жөніндегі 4-ші тармағының "а" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соттың хабарлауынша, қазір сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, және сотталған соттың бұл шешіміне қарсы шағымдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны