24.02.2009, 18:55 3620

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы директорына алаяқтық туралы айвп тағылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталығына тәжірибеден өтуге келіп, онда жұмысқа орналаспақ болған Кентаудың әйел тұрғыны орталық директоры өзінен пара бопсалағаны жайлы шағым түсірген. Жедел іздестіру шараларының барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры $500 көлемінде пара алып жатқан кезде ұсталып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177, 28 және 312-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны