28.01.2010, 18:32 3060

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Шымкент. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Түркістан қаласында жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде үлкен мөлшердегі мүлікті тонау мақсатында бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл қарақшылық топты құрықтау үшін ОҚО ІІД қызметкерлеріне 3 ай уақыт кетті. 2010 жылдың 21 желтоқсанында Түркістан ҚІІБ-на жергілікті жердің 34-жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында 22 желтоқсан күні таңғы сағат 4 шамасында өз үйіне беттеріне бетперде киген, қолдарына қос ауызды кесілген шолақ мылтық және пышақ ұстаған 5-6 азамат кіріп оны және оның күйеуі екеуінің аяқ-қолдарын скотчпен байлап, ұрып-соғып өлтіремін деп қорқытады.

ІІД мәліметінше, отбасы мүшелерінің өмірін сақтау үшін үй иесі барлық алтын бұйымдарын, сондай-ақ, екі ұялы телефондарын және санды бейнеаппаратын берген. Жалпы құны 1 260 000 теңгелік елеулі материалдық залал келтірген.

"Оқиға болған жерге бірнеше топ, оның ішінде жедел тергеу тобы жетіп, саусақ іздері алынды. Қылмыстың ауырлығын сезіне отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінен құралған тәжірибелі арнайы жедел топты Түркістан қаласына жіберілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының екі тұрғыны ұсталды. Қалған екі күдіктіні Ақтөбе қаласынан құрықтады. Олардың барлығы 20-21 жаста, жұмыссыз және ешқайда оқымайтын азаматтар.

"Күдіктілердің айтуына қарағанда, алтын бұйымдарын қылмысты жасап болған соң, Шымкент қаласында сатып жіберген. Айғақты зат ретінде шолақ мылтық, "Оса" пневматикалық тапаншасы алынды. Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында үш күдікті тағы басқа 3 жәйт бойынша, яғни қараша-желтоқсан айларында Түркістан қаласында және 1 қарақшылық шабуыл Кентау қаласында жасағандарын мойындады. Кентаудағы оқиғадан олар ешнәрсесіз қайтқан. Өйткені, жәбірленушілер белсенді қарсылық көресете білген. Азаматтарға жалпы құны 2 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Көпшілігінде олар алтын бұйымдары мен ақша тонаған. Ирбір қылмысқа алдын-ала жақсылап дайындалған: беттеріне бетперде киіп, қаруланып, түнгі уақытты пайдаланған. Идетте орта тұрмыстағы азаматтардың үйіне қарақшылық шабуыл жасаған",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы оқиға бойынша күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысты басқа да қатысушыларды ұстау шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда олар іздестірілуде, күдіктілердің үшеуі де Түркістан қаласының 18-20 жастағы тұрғындары. Соңғы үш жыл аралығында Түркістан және Кентау қалаларында қарақшылық шабуыл бойынша 49 жәйт тіркелді. Оның барлығы да ашылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны