25.03.2010, 18:39 3156

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзін жол полициясының қызметкерімен деп таныстырып, алаяқтықпен шұғылданған қызды құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзін жол полициясының қызметкерімен деп таныстырып, алаяқтықпен шұғылданған қызды құрықтады

Шымкент. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзін жол полициясының қызметкерімен деп таныстырып, алаяқтықпен шұғылданған қызды құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына бірнеше жергілікті тұрғыны арызданған. Олар арыздарында, азиялық нәсілді жас қыз полицияның аға лейтенантының киім-кешегін пайдаланып, жол полициясы қызметкерлеріне қатысты кез-келген мәселені белгілі бір қаржыға шешіп беремін деп алдап кеткенін жеткізген.

"Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жедел тобының іздестіру іс-шараларын жүргізуі барысында, 19 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Айғақзат ретінде оның үйінен полиция қызметкерінің киімі тәркіленіп алынды. Күдіктінің сөзіне қарағанда бұл әрекетке ол тыңғылықты дайындалған, яғни азаматтардың сеніміне кіру үшін полиция киімін өз қолымен тіккен",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда оның құрбандары әртүрлі мөлшерде қаржы берген 6 азамат болып отыр. Полицейлер күдіктінің тағы да осындай қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деп отыр.

"Мысалы, Жол полициясына жұмысқа кіргізіп беремін деп Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынынан алаяқтықпен жолмен 3 400 АҚШ долларын иемденіп алып, қайтармаған. Сондай-ақ, жергілікті жердің 37 жастағы азаматшасынан "үйіне қатысты құжаттарын жасап беремін, Халыққа қызмет көрсету орталығында таныстарым бар" деп 120 мың теңге алып, оны да қайтармаған. Облыс орталығының үш тұрғынынан процессингтік орталықтан көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп 60 000 теңге көлемінде ақша алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінде оның азаматтардан 800 000 теңге көлемінде қаржы алғаны белгілі болып отыр",- деп хабарлайды ІІД.

Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 177-бабы "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны