27.10.2009, 18:32 3046

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жолда қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жолда қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жолда қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандық полиция бөліміне жергілікті жердің үш тұрғыны жолда болған тонаушылық оқиғасы бойынша ақпарат келіп түсті.

"Жәбірленушілердің айтуы бойынша, 20 қазан күні Шымкент-Термез автожолының 776-шы шақырымында Сарыағаш бағытына кетіп бара жатқан "ВАЗ 2106" автокөлігін "Тойота Камри" автокөлігімен келе жатқан белгісіз тұлғалар шетке ығыстырып, тоқтатқан. Шетел автокөлігінен 20-25 жастағы бес белгісіз тұлғалар түсіп, тапаншамен қорқытып, ұялы телефонын, автомагнитоласын, плеер және 6 мың еңгесін алып, оқиға орнынан бой тасалаған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД ақпаратына сәйкес , мұндай қарақшылықты болдырмау мақсатында Қазығұрт АІІБ аса ауыр қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы топ құрды. Бұл іс бойынша ОҚО ІІД бастығы жеке қадағалауына алып отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "төрт тәулік өткеннен кейін, яғни 24 қазан күні Қазығұрт АІІБ-ның қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласында және Қазығұрт ауданының Рабат ауылынан күдікті адамдарды ұстады. Олардың саны бесеу, екеуі 1988, 1990, 1991 және 1992 жылы туған азаматтар. Күдіктілер қала базарында сатушы болып күн көріп жүрген".

"Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандар тағы бір қарақшылық шабуыл жасағанын мойындады",- делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше, яғни, 22 қазан күні түнде Шардара ауданының тұрғындарына жолда қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл жолы "БМВ" автокөілігіне мінген олар 24.00-де сол бағытта кетіп бара жатып, "ВАЗ 2109" автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің 10 мың теңгесін және автомагнитоласын тартып алған.

"Қазіргі таңда күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 179-бабы "қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақзат ретінде, олар қылмыс жасаған автокөліктер мен ұрланған заттар алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны