19.06.2008, 17:29 3095

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында салық комитетінің бас маманы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында салық комитетінің бас маманы ұсталды

Шымкент. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында салық комитетінің бас маманы ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық салық комитетінің бас маманын қаржы полициясының қызметкерлері 50 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады. Бұл ақшаны ол аудан тұрғынынан 220 мың теңге көлеміндегі салық берешегін жасыру және Шардара ауданының Достық ауылында орналасқан "Ақниет", "Ақжан" және "Тоғжан" шаруа қожалықтарына салық берешегі жоқ деген анықтама беру үшін алған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір салық комитетінің қызметкері қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы (лауазым иесінің пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны