19.03.2007, 17:44 3363

Оңтүстік Қазақстан облысының шекаралық аудандарында шекаралық учаскелік инспекторлар пайда болады

ШЫМКЕНТ. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының шекаралық аудандарында шекаралық учаскелік инспекторлар пайда болады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығының бірлескен кеңесінен Kazakhstan Today тілшісіне хабарлады.

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының жетекшісі Талғат Есетовтың айтуынша, шекаралық учаскелік инспекторлар бүгінде қызмет ететін жерлерге аттанып кетті. "Бұлар - шекарашы офицерлер. Олар шекараны бойлай ауылдарда, кенттерде, елді мекендер мен қыстақтарда тұратын болады. Шекаралық тәртіпті сақтау және контрабанда мен заң бұзушылықтардың алдын алу үшін олар жергілікті тұрғындар мен шекарашылар арасын жалғастырушы өзіндік бір байланыс бұтағына айналады",- деді басқарма бастығы.

Т.Есетовтың айтуынша, шекарадағы ахуал біршама күрделі. "Қазіргі жағдаймен Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон мен экономикалық контрабанда белең алып отыр",- деді ол. Басшының пікірінше, шекара маңында ұйымдасқан қылмыстық топтар тор құрған, олардың экономикалық контабандалық іс-әрекеттерінен мемлекетке келген шығын көлемі миллиардтап саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны