29.02.2008, 14:42 3120

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының бұрынғы әкімі сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының бұрынғы әкімі сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Шымкент. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бәйдібек аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының 49 жастағы бұрынғы әкімі Илібек Бектаевқа қатысты шығарылған үкімді жария етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сот бұрынғы әкімді сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Адвокаттар бұл шешімге наразылық танытып, шағым түсірмек.

Бұрын хабарлағанымыздай, И. Бектаевты қаржы полицейлері өткен жылы салық қызметінің қызметкерінен коммуналдық үйді жекешелендіріп беру үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаннан кейін құрықтаған болатын. Пара беру процессі жасырын бейне камераға жазылып алынған, ал таң қаларлығы берілген сомаға көңілі толмаған әкім ақшамен салық қызметкерінің басынан ұрып жіберген.

И. Бектаевтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" және "б" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сот қарауы Бәйдібек аудандық сотына тапсырылып, процессті сот төрағасы Елубай Дәуренов жүргізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны