28.10.2016, 09:24 4210

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ табиғат қорғаушылары 668 заӊбұзушылықты анықтады

Оӊтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары жыл басынан бері табиғат заӊнамасы бұзылған 668 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары жыл басынан бері табиғат заӊнамасы бұзылған 668 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ басшысы Мұхиддин Аязовтыӊ айтуынша, 9 айда аӊ аулау ережесі талаптарын өрескел бұзғандар да кездескен.

Атап айтқанда, бір тұрғын ҚР "Қызыл кітабына" енген қарақұйрық аӊын атып алса, тағы бір браконьер сирек кездесетін ақбөкенді атқан. Қарақұйрық және ақбөкен атудан жануарлар дүниесіне 1272,6 мыӊ теӊге көлемінде залал келіп, мемлекет есебіне өндірілген. Осы оқиғалар бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 339-бабына сәйкес, қылмыс жасаушылардыӊ бірі 2 жылға, екіншісі 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Жоғарыда атап өткен 668 әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ 252-сі балық аулау заӊнамасын бұзу болса, 76-сы аӊ аулау талаптарын бұзу және 47 рет ағаштар мен бұталарды зақымдау оқиғалары тіркелген. Сондай-ақ орманда өрт қауіпсіздігін сақтамаудыӊ 10 оқиғасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу талаптарын сақтамаудыӊ 83 оқиғасы және 174 өзге де орман заӊнамаларын бұзу жағдайлары орын алды.

Құқық бұзған 553 азаматқа 8205,7 мыӊ теӊге көлемінде әкімшілік айыппұл салынса, 241 адам келтірілген 3146,5 мыӊ теӊге залалды өндіретін болды. Соттарға барлығы 47 іс қарауға жолданып, 52 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұсталған заӊбұзушылардан 13 аӊшы қаруы, 6 көлік құралы, 17 дана жүзу құралы, 228 балық аулау құралы, 83,9 текше метр сүрек, 11 балта, 874 келі балық тәркіленді.

Бүгінде ағаш-бұта кесу, жою немесе зақымдау қылмыстық іс болып саналады. Елімізде 2018 жылдыӊ соӊына дейін сексеуіл екпелерін алуға қатаӊ тыйым салынған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны