20.02.2009, 16:49 2979

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қазақстаннан екі ителгі алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қазақстаннан екі ителгі алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Шымкент. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Сарыағаш аудандық ІІБ қызметкерлері Қазақстаннан екі ителгіні заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құстарды Сайрам ауданының 46 жастағы тұрғыны Өзбекстанға алып шығуға әрекет жасаған. Қазір оған қатысты шешім қабылдану үстінде. Тәртіп сақшылары ителгілерді таяу уақыттарда облыстық хайуанаттар бағына тапсырады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл - кейінгі төрт жылдағы осындай бірінші оқиға.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны