23.01.2009, 17:21 3076

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз еркімен 100 килограмға жуық аммонит тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз еркімен 100 килограмға жуық аммонит тапсырды

Шымкент. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Түлкібас ауылының тұрғыны өз еркімен 100 килограмға жуық аммонит тапсырды. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Түлкібас ауылының 57 жастағы тұрғыны жалпы салмағы 94 килограмм болатын 470 шашка аммонит жарылғыш заты мен 7 дана электр детонаторды өз еркімен әкеліп тапсырған. Ол геологиялық барлауда жұмыс істеп жүрген кезде басшылық жоюға берген жарылғыш затты тауға апарып көміп тастағанын жеткізді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны