15.07.2009, 15:39 2614

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Өзбекстаннан жалпы құны 2 млн 900 мың теңге тұратын 46 жылқыны контрабандалық жолмен алып келген - қаржы полициясы

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Өзбекстаннан жалпы құны 2 млн 900 мың теңге тұратын 46 жылқыны контрабандалық жолмен алып келген - қаржы полициясы

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы органдары бір үйір жылқыны контрабандалық жолмен алып келу фактісін анықтады. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Өзбекстаннан жалпы құны 2 млн 900 мың теңге тұратын 46 жылқыны контрабандалық жолмен алып келген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында А деген азамат сотқа тапсырылды. Ол кедендік рәсімдеусіз Өзбекстан Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасына жалпы құны 2 млн 900 мың теңге 46 жылқыны заңсыз алып келген",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны