21.09.2016, 12:06 4397

Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясы өтті

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердіӊ орындалуы бойынша сөз сөйледі.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердіӊ орындалуы бойынша сөз сөйледі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Өӊіріміздіӊ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді",- деді облыс әкімі.

"Атқарылған жұмыстардыӊ барлығы халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттыру үшін жасалып отыр. Құрметті депутаттар! Өздеріӊізге белгілі, жақында Үкіметтіӊ кеӊейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өӊірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларда Біздіӊ негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердіӊ қолдау көрсетулеріӊізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз,- деді Б.Атамқұлов.

"Бұдан бөлек, жыл соӊына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай бірқатар маӊызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп, елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасы белгілеп берген "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және "Мәӊгілік ел" Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін",- деп қорытты сөзін облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны