15.04.2009, 17:28 3227

Оңтүстік Қазақстан облыстық полицейлер соңғы үш күнде екі барымташылар тобын құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облыстық полицейлер соңғы үш күнде екі барымташылар тобын құрықтады

Шымкент. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында соңғы үш күнде екі барымташылар тобын құрықтады, олардың біреуі 20-дан аса мал ұрлығын жасаған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сайрам АІІБ-на он шақты азамат арызданып, арызында жайылымнан белгісіздер 60 бас жылқы мен басқа да ірі қара малдарын айдап әкету салдарынан 3 000 000 теңгеден аса шығын келтіргенін хабарлаған.

"Сайрам АІІБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ретінде Төле би ауданының 45 жастағы және Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Сезіктілер жұмыс істемейді және бұдан бұрын ұрлық жасағандары үшін сотты болған. Бүгінгі күні АІІБ-ның тергеушілері олардың 24 мал ұрлау оқиғасына бар екендігін дәлелдеді",- делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, осыған ұқсас оқиға Бәйдібек ауданында да болған. Жергілікті тұрғындар аудандық полицияға арызданған. Мал ұрылары шаруашылық қора-жайдан сегіз бас ірі қара малды және төрт жылқыны айдап әкеткен. Келтірілген залал құны миллион теңгеден асып түседі. Бірнеше күннің ішінде сол ауданның тұрғындары, 1952 жылы туған әкесі мен 1988 жылғы ұлы анықталып, ұсталды. Ұсталған сезіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Олардан айғақзат ретінде арқан және балта тәркіленіп алынды.Ұсталған барымташылардың айтуынша, ұрлаған малды базарға өткізіп отырған. Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған малдарға іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде",- деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны