28.05.2009, 15:19 2852

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін қинап өлтіру қылмысын әшкереледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін қинап өлтіру қылмысын әшкереледі

Шымкент. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін қинап өлтіру қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандық ішкі істер басқармасына күйеуінің автокөлікпен үйінен шығып, қайтып оралмағаны туралы шағымданған әйелден хабарлама келіп түсті. Осы арыз бойынша полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Жоғалған азамат туралы мәліметті көрші облыстар мен ОҚО аудандарына жіберілді.

"Бірнеше тәулік өткен соң, шопандар өртенген автокөлікті тапқаны туралы полицияға хабарлайды. Двигателдің номеріне қарап, көлік иесі жоғалған азамат екенін анықтады. Аудандық полиция қызметкерлері, автокөлік иесі қылмыскерлердің құрбаны болғаны туралы болжам жасады. Тағы бір тәулік өткен соң, жоғалған азаматты қинап өлтірілген мәйіті Қызылжар ауылынан табылды",- делінген хабарламада.

Сарапшылардың зерттеуінше, өлім азаматтың басынан қатты бір затпен ұрғаннан және көптеген дене жарақатын алу салдарынан болғаны анықталды.

"Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті тұлғаларды бірнеше күн ішінде анықтады. Олар Сарыағаш қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің сөзіне қарағанда, олар көлікті тонамақ болған, алайда иесі қарсылық жасаған соң, оны өлтіріп, автокөлікті барлық құжаттарымен қоса өртеп жіберген",- деп хабарлайды ІІД.

Қазіргі таңда күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы "кісі өлтіру" және 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны