25.07.2006, 18:22 3882

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жол полициясы басқармасының басшылары ауысты

ШЫМКЕНТ. 25 шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне ОҚО ІІД баспасөз-қызметінен хабарлаған.

Бүгін ОҚО ІІД жол полициясы жеке тобына жаңа басшы ретінде, бұрын ОҚО Арыс ішкі істер басқармасы бастығы қызметін атқарған Сырым Абдуллаев таныстырылды.

ОҚО Жол полициясы басқармасы бастығы қызметінде бірнеше ай істеген Сұнғат Тіленшин Жамбыл облысы жол полициясы басқармасын басқаратын болады. Бұл тағайындаулар ҚР ІІМ жүргізіп жатқан жол полициясы басқармасы жетекшілерінің жоспарлы ротациясы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды баспасөз-қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны