14.08.2013, 10:32 11162

Оңтүстік Қазақстанда 8 әйел таққа отырды

Облыста жаңадан сайланған әкімдердің 8-і әйел. Жалпы, өткен науқанда облыстағы 189 ауылдық окугтің әкімдері түгел сайланды. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Арыз-шағым да тіркелмеді

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Облыста жаңадан сайланған әкімдердің 8-і әйел. Жалпы, өткен науқанда облыстағы 189 ауылдық окугтің әкімдері түгел сайланды. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Арыз-шағым да тіркелмеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сайлауға барлығы 421 үміткер қатысты. Сайланғандардың 75 пайызы қайтадан, 25-і жаңадан сайланған әкімдер. Оңтүстік өңір үшін ерекше жағдай, осы сайлауда әкім болып сайланған әйелдердің саны артты. Яғни, бұрын 2 әйел ғана әкім болып келсе, осы жолы олардың саны 8-ге жетіп отыр. Жалпы, әйелдер арасынан әкімдікке үміткер болғандардың саны 26 болатын", - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Тағы бір айта кетерлігі, 4 ауылдық округте әкім 1 дауыс айырмашылығымен жеңіске жеткен. Байқаушылардың саны 199 болды. Астанадан келген байқаушы Есенжол Алияров сайлаудың ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді. Қазақстанда мұндай сайлау бірінші рет өткізілді. Бұған дейін еліміз бойынша ауыл әкімдерін облыс әкімшілігінің келісімімен аудан басшысы тағайындап келген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны