13.03.2018, 16:01 4976

Оӊтүстік Корея Парламентініӊ төрағасы Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда болды

Айта кетерлігі, бүгінгі таӊда Корея Республикасы Қазақстанныӊ 12 ірі сауда серіктестерініӊ қатарында. Алматы қаласында корейлік капиталмен сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация және басқа салаларда 290 кәсіпорын жұмыс істейді

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясыныӊ төрағасы Чон Сэ Гюн бастаған парламент делегациясы Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда болды. Оӊтүстік Корея делегациясы мегаполистіӊ туристік әлеуетімен танысып, қала музейлерінде және мемлекеттік республикалық Корей театрында болды.

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясыныӊ басшысымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек екі ел арасында жылы қарым- қатынастыӊ орныққанынын, сауда- экономикалық ынтымақтастықтыӊ арта түскенін атап өтті. Бүгінгі күні қалада Қазақстанныӊ барлық этникалық корейлерініӊ үштен бірі тұрады, корейлік этномәдени бірлестіктер оӊ істерді жүзеге асыруда, "Корё Ильбо" атты республикалық корейік газеті шығуда.

"Мен Астанаға - сіздіӊ елдіӊ саяси орталығы және барынша жедел дамып келе жатқан бас қалаға аттанамын. Алматыда болуды ерекше қалайтынмын. Бұл қала өзініӊ дәстүрімен, тауларымен, тартымдылығымен қызықтырады. Енді меніӊ әлемніӊ 10 сұлу қаласы жазылған жеке тізіміме Алматы да еніп отыр. Мегаполисте спорттыӊ қысқы түрлерімен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұған дәлел қазақстандық спортшылардыӊ 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарына қатысуы, мұнда біздіӊ жанкүйерлеріміз Денис Тенге айрықша ілтипат білдірді", - деп атап өтті Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясыныӊ Төрағасы Чон Сэ Гюн.

Айта кетерлігі, бүгінгі таӊда Корея Республикасы Қазақстанныӊ 12 ірі сауда серіктестерініӊ қатарында. Алматы қаласында корейлік капиталмен сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация және басқа салаларда 290 кәсіпорын жұмыс істейді. 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады, өз кезегінде Алматыда тауар айналымы 16,7%ға артып, 163,1 млн. АҚШ долларына жетті.

Оӊтүстік Корея делегациясымен бірге ҚР Мәжіліс Парламенті төрағасыныӊ орынбасары Владимир Божко, Сенат депутаты Георгий Ким, Мәжіліс депутаты Майра Айсина болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны