26.04.2017, 18:02 4452

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы барлаушыларыныӊ жиыны өтті

Жамбыл облысыныӊ Луговой гарнизонында лаӊкестікке қарсы дайындық бойынша барлау бөлімшелерініӊ жиыны өз мәресіне жетті. Аталмыш шара 2017 оқу жылына "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы бекіткен жауынгерлік даярлық жоспары бойынша өтті.

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ Луговой гарнизонында лаӊкестікке қарсы дайындық бойынша барлау бөлімшелерініӊ жиыны өз мәресіне жетті. Аталмыш шара 2017 оқу жылына "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы бекіткен жауынгерлік даярлық жоспары бойынша өтті.

Бір апталық жиын бойы барлау бөлімшелерініӊ әскери қызметшілері іс жүзінде елді мекенде барлауды жүргізу, заӊсыз қарулы құралымдар топтарын бұғаттау және қырып-жою, жергілікті жерді тазарту мәселелерін пысықтады. Болып жатқанға шынайылықты келтіру үшін лаӊкестікке қарсы дайындық бойынша сабақтар қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалана отырып өткізілді.

Лаӊкестікке қарсы дайындық қазіргі уақытта анағұрлым сұранысқа ие бағыттыӊ біріне айналуда. Илемдегі қазіргі заманғы әскери-саяси ахуал бізге жаһандық проблемамен күресуге әзір болуға міндеттейді, - деп мәлімдеді "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ басқармасы барлау басқармасыныӊ бастығы подполковник Дмитрий Шиповский. Сондықтан лаӊкестікке қарсы іс-шаралар мәселелерін пысықтауға көп уақыт және назар бөлінеді. Барлау шарттары шектеулі көрінушіліктіӊ кесірінен түнгі мезгілде анағұрлым күрделене түседі. Барлаушылардыӊ машықтарын жетілдіру мақсатында жиын барысындағы жаттығулардыӊ бірсыпыра бөлігі түнгі жағдайда оптикалық барлау аспаптарын, сондай-ақ жарықтандыру снарядтары мен зымырандарын қолдана отырып өткізілді.

Сабақ барысында ғимараттары бар жергілікті жерді пайдалану әскери қызметшілер елді мекенніӊ үйлеріне жақындау, оларды тексеру, тасаларда өрістету, атысты бастауға әзірлікті іс жүзінде пысықтау үшін қажет, - деп 03811 әскери бөлімі барлау-шабуылдау ротасыныӊ сержанты 2-сыныпты сержант Арман Мағзұмов атап өтті. Елді мекенде барлауды жүргізудіӊ өзіндік ерекшеліктері бар және сондықтан әскери қызметшілерден жағдайды талдай отырып, барынша ықылас қоюшылық, жасырын түрде және барынша жылдамдықпен қозғала білу қажет етіледі. "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ барлау басқармасы басшылығыныӊ баға беруі бойынша бөлімшелер жаӊа тапсырмаларды орындауға жауынгерлік қабілеттіліктері мен әзірліктерін паш ете отырып, жүктелген тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны