30.10.2020, 14:19 5745

Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының құрылғанына 26 жыл толады

Бас инспекция әскерлердің жауынгерлік жағдайын, қару-жарақ пен әскери техниканы, жауынгерлік даярлықты, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, материалдық заттардың қорын, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын тексереді. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша армияның қорғаныс қабілетіне қатысты басқа да мәселелер тексерілуі мүмкін.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының құрылғанына 26 жыл толуы қарсаңында оның басшысы генерал-лейтенант Әмір Халықов өз қарамағындағы бөлімшенің қызмет ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп берді:

Бас инспекция әскерлердің жауынгерлік жағдайын, қару-жарақ пен әскери техниканы, жауынгерлік даярлықты, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, материалдық заттардың қорын, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын тексереді. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша армияның қорғаныс қабілетіне қатысты басқа да мәселелер тексерілуі мүмкін.

Бас инспекцияда түрлі саладағы мамандар жұмыс істейді. Олардың практикалық тәжірибесі зор және үнемі білімдерін жетілдіріп отырады.

Әскери бөлімдерді тексеру барынша әскерилендірілген жағдайда тексеріледі. Біз әскери машиналарды жүргізуді, мотоатқыштар мен танкистердің штаттық қарудан атысын, шартты қарсыласты ұстау мен авиация экипаждарымен зымыран жіберуін, жауынгерлік корабльдердің теңізге шығуы және теңізшілердің сүңгуірлер даярлықтары жөніндегі нормативтерді, командирлердің дұрыс шешім қабылдай білуін тексереміз.

Қорғаныс министрі бізді кемшіліктер байқалған жерлерге жібереді. Әскери бөлімдердің мәселелерімен жұмыс істейміз, сондықтан қорытынды актілерде кемшіліктерді көрсетеміз. Дегенмен, бұның бәрі Қарулы Күштердің жалпы жағдайына әсер етпейді.

Біз әскерлердің әлсіз тұстарын байқауға көмектесеміз. Іс жүзінде кемшіліктерді жоюға көмек көрсетеміз. Тексерулердің нәтижелерін әрі қарай құқық қорғау органдары мен қадағалау органдары қолданатыны кездейсоқтық емес.

Кейбір блогерлер мен журналистердің негізсіз сыни ескертпелеріне қарамастан, Отан қорғау алдындағы армияның міндеттерін орындауға ешкім де, ешнәрсе де кедергі бола алмайды. Дегенмен БАҚ өкілдерінің назарын бәрінен бұрын, әскерилердің күрделі еңбегін таратудағы шыншылдыққа аударғанын қалар едім.

Әскери қызметшілердің жалпы іс-әрекетінің нәтижесі - жауынгерлік қабілетті және жарақталған армия. Осы жолда Бас инспекция да өз жұмыстары негізінде Қарулы Күштердің әрі қарай дамуына ұсыныстарын енгізуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны