13.03.2020, 22:59 4233

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Түркияның әскери-техникалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелесі талқыланды

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркия Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға ықылас білдірді.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Түркияның әскери-техникалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелесі талқыланды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркия Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға ықылас білдірді.

Түркия тарапының елшісі техникалық және қорғаныс-өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрік бірлескен комиссиясының жұмысын қанағаттанарлық деп атап өтіп, оны одан әрі жалғастыру әлеуетінің мол екендігін айтты. Сонымен қатар, ол елдердің қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастық тарихында алғаш рет ұйымдастырылған Ұлттық қорғаныс университеті базасында түрік әскери қызметшілеріне білім алуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Қорғаныс министрі елшіні жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, сондай-ақ қорғаныс саласындағы өзара тиімді және жемісті өзара бірлескен іс-қимылға сенім білдірді. Әңгіме барысында екі ел арасындағы әскери білім беру бағыттары бойынша әскери ынтымақтастық атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны