22.05.2012, 13:48 2895

Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 15 мамыр күні есірткі сатушы 0,26 грамм героинді, 17 мамыр күні аталған есірткі затының 0,3 грамын өткізген.

Орал. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өз үйінде героин есірткі затын сатқан 28 жасар Орал қаласының азаматшасын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 15 мамыр күні есірткі сатушы 0,26 грамм героинді, 17 мамыр күні аталған есірткі затының 0,3 грамын өткізген.

18 мамыр күні есірткі сатушының үйін тексеру кезінде полицейлер 0,4 грамм героинді тәркіледі. Сондай-ақ күдіктінің жеке басын тексеру барысында 1,69 грамм героин табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны