31.03.2009, 13:36 3647

Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы немқұрайдылығы үшін айыпты деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы немқұрайдылығы үшін айыпты деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Орал. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы немқұрайдылығы үшін айыпты деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-тармағында (салақтық) қарастырылған қылмысты жасаған Н.Өтепқалиевке қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеумен аяқталып, айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді.

Н.Өтепқалиев, "Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бастығының қызметін атқара жүріп, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті тұлға бола тұра, келесі жағдайда қылмыс жасаған.

"2005 жылғы қарашада "Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ Орал қаласының 7- шағынауданыдағы 10 қабатты 78 пәтерлік тұрғын үй құрылысына 2005-2006 жылдары мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау өткізілді. Аталмыш байқаудың жеңімпазы "Металлқұрылыссервис" ЖШС танылды. Байқау құжатына сәйкес, құрылыстың жалпы сомасы 232 765 742 теңге құрады, оның 2005 жылға келісім сомасы 30 515 223 теңге құрады. 2005 жылғы 1 желтоқсанда тапсырыс берушінің атынан директор Н.Өтепқалиев пен мердігердің арасында 30 515 223 теңге сомасына келісім - шарт жасалды. 2005 жылғы 5 желтоқсанда Н.Өтепқалиев ҚР үкіметінің "Республикалық және жергілікті бюджетті орындау ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес келісім -шарттың жалпы сомасының 30 пайызы мөлшерінде аванс төлеуге рұқсат етілетін 103-тармақты бұза отырып, мердігердің есеп-шотына толық мөлшерде аванс төледі. Аударылған 30 515 223 теңге сомасындағы ақша қаражатының 10 026 491 теңгесі игерілген, ал қалған 20 488 723 теңгесі Орал қаласының 7- шағынауданыдағы 10 қабатты 78 пәтерлік тұрғын үй құрылысымен байланысты емес кәсіпорынның керегіне жұмсалған. Кейіннен мердігер нысандағы құрылыс жұмыстарын мүлдем тоқтатқан.

Сөйтіп, "Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бастығы Н.Өтепқалиевтің өзінің қызметтік міндеттерін тиісті атқармауының салдарынан мемлекетке 20 488 732 теңге сомасында залал келтірілді, бұл жайт мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесінің елеулі бұзылуына алып келді.

2009 жылғы 6 ақпандағы Орал қалалық соты Н.Өтепқалиевті ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 69-бабының 1-тармағының "а" тармақшасын қолдана отырып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға үкім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны