21.01.2019, 21:13 7192

Орал шекара отрядыныӊ "Мұқатай" заставасыныӊ аумағында шекара бұзушылар үсіп өле жаздапты

Қазіргі уақытта бесеуі де шекарашылардыӊ күзетімен, Батыс Қазақстан облысыныӊ Зеленовск ауданыныӊ Дарьинск ауылындағы емханада, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды кеше кешкілік жалпы салмағы 94 кг-дан асатын 4 қораптағы Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек тауып алды. Иесі анықталған жоқ.

Рұқсат қағаздары болмағасын екіжарым центнерден астам дәрі-дәрмектіӊ иесі де табылмады.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды кеше кешкілік жалпы салмағы 94 кг-дан асатын 4 қораптағы Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек тауып алды. Иесі анықталған жоқ. Дәл осындай жағдай екі күн бұрын да орын алған болатын. Ол кезде шекарашылар 152 кг-ға жуық иесіз дәрі-дәрмек тауып алған. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

"Көршілердіӊ" көрсетуімен ұсталған шекара бұзушы

Сенбі күні кешкілік Павлодар шекара отрядыныӊ кезекші бөліміне Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметініӊ Омбы аумағы бойынша шекаралық басқармасы кезекшісінен телефон қоӊырауы түсті. Көршілес мемлекеттіӊ шекарашылары Ресейдіӊ Добровольск елді мекенінен Қазақстанға қарай кеткен бір шекара бұзушыныӊ ізін анықтаған екен. Бағыты, шамамен Павлодар шекара отрядына қарасты "Майқоӊыр" шекара заставасыныӊ аумағына қарай.

Ақпаратты ала салысымен, аталған заставадан шыққан дабыл тобы Ресей жақтан біздіӊ елге кірген ізді тауып алды. Ізге түскен шекарашылардыӊ қызметтік иті іздеу тобын Майқоӊыр ауылындағы үйлердіӊ бірініӊ қақпасына дейін алып келді. Шекара бұзушы сол үйде ұсталды. Оныӊ суретке түсіріліп, актіленіп жіберілген іздерін Ресейлік әріптестер өздеріндегі ізбен салыстыра келіп, бір адамдыкі екендігін анықтады. Шекараны бұзған 40 жастағы Ресей азаматы болып шықты. Шекарашыларға берген жауабы: араққа сылқия тойып алып, бағытынан жаӊылып қалыпты-мыс. Істіӊ жәй-жапсары анықталуда.

Шекара бұзушылар үсіп өле жаздапты

Орал шекара отрядыныӊ "Мұқатай" заставасыныӊ аумағында шекара наряды кеше күндіз Ресейден біздіӊ елге кірген 5 өзбекстандықты ұстады. Олардыӊ еӊ үлкені 1973, еӊ кішісі 1991 жылғы екен. Ұсталғандар бірден Дарьинск ауылындағы аудандық емханаға жеткізілді. Дәрігерлердіӊ қойған диагноздары бойынша олардыӊ біреуініӊ аяқ-қолдарын 3-4 дәрежелі, екеуінікін 2-3 дәр ежелі, екеуінікін 1 дәрежелі үсік шалған. Біріншісініӊ жағдайы ауыр, интенсивті терапия палатасында жатыр. Екінші мен үшіншісінікі орташа. Төртіншісі мен бесіншісі емге мұқтаж емес. Қазіргі уақытта бесеуі де шекарашылардыӊ күзетімен, Батыс Қазақстан облысыныӊ Зеленовск ауданыныӊ Дарьинск ауылындағы емханада, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны