17.11.2019, 13:37 9595

Оралда "Ашық бюджеттердің" "Интерактивтік картасы" таныстырылды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен "Евразия" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып "Адалдық мектебі" атты оқыту мақсатындағы семинар-тренинг өткізді.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен "Евразия" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып "Адалдық мектебі" атты оқыту мақсатындағы семинар-тренинг өткізді. Іс-шарада "Ашық бюджеттердің" "Интерактивтік картасы" таныстырылды.

Бұл карта азаматтарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаржылық іс-қызметіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігімен, қаржының жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тиімді тәсілі рөлін атқаратындығымен бірегей.

Оның көмегімен кез-келген азамат бюджеттен қаржы қалай бөлінетінін, сондай-ақ, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалап отыра алады, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын сырттай талдау және бағалау бойынша облыстық арнаулы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Туркина арнаулы мониторингтік топтың мүшелері бақылап отырған проблемаларға жан-жақты тоқталып өтті.

"Мәселен, "Сырым" шекаралық өткізу бекетінде көліктердің кезекте бөгелу және кептелу мәселесі шешілді, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мониторинг жүргізілуде, студенттік жатақханаларда тұру жағдайлары жақсартылды", - деді Айгүл Туркина.

"Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиева жобалық кеңсенің жұмысымен таныстыра келе, азаматтар келіп жүгінген кезде мемлекеттік органдардың оперативтік үйлестіру жұмыстарын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Хайруллин агенттіктің негізгі жұмыс бағыттары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша түсініктеме берді. Семинарда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қатысты төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруда әрбір қоғам мүшесіне жүктелетін жауапкершілік пен парыз туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі күресте азаматтық қоғамның атқаратын маңызды рөлі туралы ерекше атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны