23.07.2019, 15:26 14801

Оралда бесінші "Ашық әкімдік" іс-шарасы өткізілді

Облыс және қала басшылығына, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына 500-ден астам адам жүгінді.

Орал. 23 шілде. Kazakhstan Today - Оралда акция өткізіле бастағаннан бергі он үшінші және бесінші "Ашық әкімдік" іс-шарасы өткізілді.

Облыс және қала басшылығына, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына 500-ден астам адам жүгінді.

Өтініштердің басым бөлігі жеке үй құрылысын жүргізуге жер телімін алу, баспана және кезек мәселелеріне арналды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өзі 70-тен астам адамды қабылдады.

Оған қойылған сұрақтардың бірі апатты жағдайдағы үйдің орнына жаңа үй салу мәселесіне арналды.

"Құрылыс салушы жаңа үйлер салу мүмкіндігі үшін қазіргі бар жеке үй -жайларды сатып алу қажет. Ал бұл қосымша шығын",- деді Ғали Есқалиев.

Өңір басшысы жұмыстардың көлемі мен мерзімін анықтау үшін мердігермен тікелей өзі сөйлесетінін айтып сендірді.

Сондай-ақ жұмысқа тұру, атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты сұрақтар да қойылды.

Акция кезінде қала әкімі Мұрат Мұқаевқа 60-тан астам адам жүгінді.

Қала басшысына жер және баспана алу мәселелерімен қатар облыс орталығын абаттандыруға қатысты да біраз ұсыныстар айтылды.

Бірнеше қала тұрғыны ПИК басшыларына қатысты шағым айта келді. Оған айтылған өтініштердің басым бөлігі Тұрғын үй коммуналдық салаға, абаттандыруға, әлеуметтік салаға қатысты болды.

Соңғы акцияны ерекшелеген бір жайт - қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін электрондық кезектің енгізілуі болды. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға негіз болып табылады.

Тұтастай алғанда акция мерзімінде "Ашық әкімдікке" 560 адам келді.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс жұртшылығы оның өткізілуін асыға күтеді, сонымен қатар ақыл-кеңес алуға келгендердің саны арта түсуде. Мұндай акция бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді және ол азаматтардың көптеген мәселелері мен сұрақтарын шешуге жәрдемдесті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны