10.08.2019, 18:18 32899

Оралда Этика жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік мәселелер қаралды

Орал.10 тамыз. Kazakhstan Today - Оралда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Этика жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңестің отырысында қызметтік этиканың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының этика жөніндегі уәкілдерінің іс-қызметтерінің нәтижелері қарастырылды. Оның қорытындысы бойынша кеңес этика жөніндегі уәкілдердің барлығының атына олар ұсынатын есептік мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету және олардың іс-қызметін жандандыру жөнінде нұсқаулар жіберу туралы шешім қабылданды.

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Қайрат Ибраев қызметтік этика нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында қызметкерлер арасында жасырын анкета жинау жүргізілгені туралы және ұжымдағы моральдық-психологиялық ауан туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, Этика жөніндегі кеңестің отырысында жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлігін мас күйінде айдап жүру дерегі бойынша Бөрілі ауданы Александровск ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Этика жөніндегі кеңестің мүшесі Айгүл Есекенованың айтуынша, "бұл іс Этика жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылған. Оны Александровск ауылдық округінің әкімдігі де қарастырған. Оған қатаң сөгіс жариялана отырып тәртіптік жаза жүктелді. Сондай-ақ, ол үш жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл нені білдіреді? Этика жөніндегі кодекстің ережелеріне облыстың мемлекеттік қызметкерлері бағанбайтынын көрсетеді, яғни, жекелеген мемлекеттік қызметкерлер өздерінің жасайтын қадамдарының залал-зардабын түсінбейтінін меңзейді".

Айта кету керек, Этика жөніндегі кеңестердің іс-қызметінде басты назар заң бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алуға аударылады.

Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша тәртіптік істерге жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Кеңес мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік жауапкершілікті қарастыру кезінде олардың құқықтарын бұлжытпай қорғау жөнінде нұсқаулар жіберу туралы шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны