07.05.2009, 15:30 2974

Оралда қала әкімінің орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оралда қала әкімінің орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Орал. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оралда қала әкімінің орынбасары Владимир Дремасовтың үстінен аса ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Орал қаласының прокуроры Амантай Рашқалиев мәлім етті.

А. Рашқалиевтің айтуынша, В. Дремасовтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшалары (сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу немесе иемденіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Дремасов, "Гордорстрой" ҚКК басшысы қызметін бұған дейін атқара, лауазым иесі бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, өзі мен басқа да тұлғалардың пайдасы үшін 2005 жылдың жазы мен 2008 жылдың мамыр айлары аралығында кәсіпорынның бас механигіне кәсіпорынның балансында болған, 1985 жылы шығарылған автогрейдерді "Люкс"ЖШС-іне М есімді азаматқа беруді нұсқаған. Бұдан кейін "Люкс"ЖШС-нің қожайынымен автогрейдерді жалға беру жөнінде шарт жасасқан", - деді А. Рашқалиев.

Оның айтуынша, аталған әрекеттермен бюджетке 15 млн астам теңге көлемінде залал келтірілген. Егер В. Дремасовтың кінәсі дәлелденсе, оған 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төнуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны