11.01.2007, 15:52 3049

Оралда коммуналдық баспананы таратуға қатысты іс бойынша сот талқысы жүргізілуде

ОРАЛ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Орал қалалық ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік коммуналдық баспананы таратуға қатысты іс бойынша сот талқысы жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Орал қаласы әкімінің мемлекеттік коммуналдық баспананы тарату туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы шағымды Орал қалалық прокуратурасы түсірген.

Орал қалалық прокурорының орынбасары Айгүл Жамансариевтің хабарламасына сәйкес, прокуратура Орал қалалық әкімшілігінің 70-тен астам мемлекеттік қызметкерге қызметтік баспана беру деректерін анықтаған. Заң бұзу жолымен баспаналы болғандардың арасында мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері бар.

Осыған байланысты прокуратура әкімшілікке қарсылық білдіргенімен, ол қабылданбаған. Осыдан кейін қадағалаушы орган сотқа шағымданды.

Жаңа коммуналдық үйден кезектен тыс пәтер алған мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік саланың 70-тен астам қызметкері сотқа мүдделі тарап ретінде шақырылды.

Прокуратураның шағымы қанағаттандырылған жағдайда әкімшілік баспана беру туралы қаулының күшін жойып, жалға беру жөніндегі келісім-шартын бұзуға тиіс.

Қазір Орал қалалық прокуратурасы бас прокуратураның тапсырмасымен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылуының заңдылығына тексеру жүргізуде. Тексеру аясына ипотекалық тұрғын үйлердің заңды таратылуына қатысты кең көлемді мәселелер қамтылады. Бұл шарада да қазірдің өзінде көптеген заң бұзушылықтар анықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны