09.02.2012, 14:59 4004

Оралда лаңкестік топтың алты мүшесі құрықталды

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабы бойынша (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) қылмыстық іс қозғалды.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Оралда лаңкестік топтың алты мүшесі құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылдың 4-ақпаны күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобы облыстық Ішкі істер департаментімен бірлесіп Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ қызметінің жолын кесті",- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 233-2 бабы бойынша (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) қылмыстық іс қозғалды. Топ мүшелерінің террористік ұйымға қатысты екендіктерін мойындаған жауаптары тергеу барысында анықталған дәлелдермен расталған.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде қолдан жасалған жарылғыш заттардың компоненттері және терроризмді насихаттайтын материалдар тәркіленді.

Сот 7 ақпанда топ мүшелерінің барлығына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде "қамауға алу" санкциясын берді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны