Система Orphus

Оралда "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұсаукесері өткізілді

28.09.2019, 19:19 25381
Оралда "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұсаукесері өткізілді

Орал. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті 2019 жылдың 26 қыркүйегінде автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді механизмдер мен процедураларды ойластыру мақсатында "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесін таныстырып тұсаукесер өткізді.

Кеңсе "Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталығы" РМК жанында жұмыс істейтін болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің түсіндіруінше, жобалық кеңсенің мақсаты азаматтық қоғаммен етене жақын ықпалдаса отырып, жол төсеу жұмыстары кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу кезеңінде жариялы, ашық әрі айқын бақылауды қамтамасыз ету.

"Аталған шаралардың барлығы жиынтығында бүкіл қоғамның мүддесін ескеруге және автокөлік жолдарын төсеу, реконструкциялау және жөндеу кезеңдерінің барлығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде бүкіл еліміз бойынша жолдардың сапасын жақсартуға ықпал етеді", - деді Нұрдәулет Сәмет.

Бұқара өкілдері де өз кезегінде бұл жобаға қызығушылық танытып, қала мен аудандардағы жолдардың сапасына қатысты, атап айтқанда, жаңадан салынатын жолдардың сапасына қатысты уәкілетті органдардың өкілдеріне өткір сұрақтар қойды.

Арнайы монтиторингтік топ мүшелері облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына барлығы бес тексеру сапасрын жасап қайтты. Бұлар - "Тасқала-Аққурай-Болашақ- РФ шекарасы" және "Чапаево-Жанғала-Сайхин", "Үлкен Шаған -Переметное-Вечный" және "Шыңғырлау-Лубен-Лебедевка" бағытындағы автокөлік жолдары.

Сапарлар барысында жолдарды салу барысында бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгені белгілі болды.

"Айта кету керек, ақаулар технологиялық сипатта және әріқарай оларда шұңқырлар түзіліп, жолдар бұзылуы мүмкін",- деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіндегілер.

Бүгінгі күні кемшіліктерді жоюға жұмыс істеліп жатыр және жол құрылысы мамандары атқарылған жұмыстар жөнінде таяу уақыттарда есеп бетуге міндеттеме алды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны