12.04.2018, 18:32 4084

Оралда "Смарт-Сити" аясында 15 жоба жүзеге асырылуда

Жұмыстар "Жайлы қала", "Қауіпсіз қала", "Мемлекеттік қызмет көрсетуді сандық жүйеге көшіру" және "Тұрғындармен кері байланыс" деген 4 бағытта жүргізіліп жатыр, деді Орал қаласыныӊ әкімі Мұрат Мұқаев облыс орталығын дамыту бойынша өткен жиында

Орал. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Оралда қазір "Смарт-Сити" аясында 15 жоба жүзеге асырылуда, олардыӊ алтауы толық, 5-еуі пилоттық режимде іске қосылса, төртеуі жүзеге асырылу сатысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жұмыстар "Жайлы қала", "Қауіпсіз қала", "Мемлекеттік қызмет көрсетуді сандық жүйеге көшіру" және "Тұрғындармен кері байланыс" деген 4 бағытта жүргізіліп жатыр, деді Орал қаласыныӊ әкімі Мұрат Мұқаев облыс орталығын дамыту бойынша өткен жиында.

""Мемлекеттік қызмет көрсетуді сандық жүйеге көшіру" бөлігі шеӊберінде мынадай жобалар жүзеге асырылуда: қолжетімді әкімдік, балабақшаларға кезекті автоматтандыру. Облыс "Жер телімін таӊдау актісін келісу" қызметін республика бойынша бірінші болып автоматтандырды. Жоба іске қосылды, 19 монополист ұйымныӊ барлығы жүйеге ендірілген, бүгінгі күні 9 өтінім өӊделді. Бірақ "Тұрғындармен кері байланыс" бөлігі барынша белсенді әрі тиімді жұмыс істеуде", - деді Мұқаев.

Атап айтқанда, "Халықтық бақылау" порталы арқылы жарты жылда 700-ге жуық өтінім түсіп, өӊделді. Күніне 20-30 сұрақ келіп түседі. Халықтыӊ хабарласу сипаты маусымға қарай өзгеріп отырады, олар негізінен аумақтарды ұстау және қала жайластыру мәселелеріне қатысты.

Мәселен, облыс әкімі Алтай Кульгиновтыӊ айтуынша, соӊғы бір жарым апта ішінде тасқын суларды сорғызып алу мәселесі бойынша 100-ге жуық өтінім келіп түскен. Бұл қала тұрғындарыныӊ облыс орталығындағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамайтынын білдірсе керек. Өӊір басшысы қала тұрғындарын бұл ресурстыӊ мүмкіндіктеріне қатысты кеӊінен хабардар етіп отыру туралы тапсырма берді.

Осы жобаныӊ аясында Telegram және Serbiso секілді тегін қосымшалар жасалып жұмыс істеуде. Олар тұрғындарға соӊғы жаӊалықтар, әкімдік тарапынан ұсынылатын барынша сұранысқа ие қызметтер бойынша ақпараттар, байланыс мәліметтері және өтінімдерді қабылдап алу туралы хабарлама беріп отыру функцияларын атқарады. Бұл құралдардыӊ барлығы жиынтық түрде әкімдік, Орал қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтарыныӊ арасындағы ықпалдастықтыӊ тиімділігін арттыра түсуге мүмкіндік береді деген сенімде мамандар. Мұны тәжірибе дәлелдеп отыр. Қала тұрғындарымен электрондық байланысты одан әрі жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны