Система Orphus

Оралда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады

18.07.2019, 10:57 6400
 Оралда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Орал. 18 шілде. Kazakhstan Today - Оралда 16 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның басшысы Рустам Ақмырзаев, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп дегініміз бұл - Transparency International Kazakhstan халықаралық сарапшыларының құқықтық сауаттылыққа оқытуының жаңа форматы, дәріскерлер онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық және қазақстандық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның атқаратын рөлі, бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар туралы тыңдаушыларға әңгімелеп берді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп биыл алған реет Қазақстанда, оның ішінде біздің өңірімізде өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты - мектеп қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қандай іс-шаралар жүргізілетінін түсіндіру. Қазір Қазақстанның әрбір азаматы бюджетті жасақтауға қатысу құқығына ие, бірақ бұны білетіндер аз. Облыстық, қаланың немесе ауданның бюджетін бекітпес бұрын оның жобасы egov порталында орналастырылады, бұл жерде әрбір тұрғын оның мазмұнымен танысып шығып, өзінің пікірін немесе ұсынысын қалдыра алады. Бұл адамдарға мемлекеттік басқаруға атсалысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосатын елеулі үлес болмақ", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.

Оның айтуынша, облыстағы мемлекеттік қызметтердің кемінде 80%-ы электрондық форматқа көшіріледі. Бүгінгі күні облыстық әкімдікпен брлесе отырып халық оқытылып жатыр. Адамдар цифрлық сауаттылық бойынша курстарға жазылып, одан әрі электрондық үкіметтің порталын өз бетінше пайдалана алады. Басқарма басшысы бұған қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ең бір ірі жоба - "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы туралы айтып берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп дегініміз алғаш рет биыл Қазақстанның барлық қалаларында біртұтас стандарт бойынша жүргізіліп отырған бірегей жоба болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны