14.07.2014, 20:09 3083

Оралда жаңа пошта байланысының бөлімшесі ашылды

"Жаңа бөлімше заманауи пошта және банк технологиясымен жабдықталған. Шағын аудандағы халық санының артуына байланысты бұл бөлімше жергілікті тұрғындарға дер кезінде, әрі жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Жаңа пошта байланысының бөлімшесі "Көктем" шағын ауданындағы №9 пошта бөлімшесінің жанынан ашылды, деп "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаңа бөлімше заманауи пошта және банк технологиясымен жабдықталған. Шағын аудандағы халық санының артуына байланысты бұл бөлімше жергілікті тұрғындарға дер кезінде, әрі жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

2014 жылы "Қазпошта"АҚ "Самұрық-Қазына"АҚ қатысуымен және шетелдік мамандардың көмегімен бизнес-үлгіні түбегейлі өзгертпекші. Осылайша Қазпоштаны жақын арада үлкен өзгерістер күтіп тұр.

"Біз Орал қаласы бойынша пошта бөлімшілері санын одан ары арттыратын боламыз. Бұл ретте пошта байланысының жоғары деңгейде болуына көңіл бөлінуде", - деді бөлімшенің ашылу салтанатында филиал директоры Бауыржан Қанешев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны