10.07.2014, 19:23 2998

Оралдағы апатты үйлердің орнына күзде жаңа үйлер салынады

Оның айтуынша, құрылысты биылғы күзде бастау көзделуде. Оған дейін алдымен сүрілетін үйді анықтап, оның тұрғындарын уақытша баспанамен қамту мәселесін шешіп алу керек.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Биылғы жылдың күзінде Оралда екі апатты үйді сүріп тастап, оның орнына жаңа үй құрылысы басталмақ.

Жалпы шаһардағы мұндай үйлердің саны 33, бұларда 350 отбасы тұрып жатыр, деп хабарлайды БҚО облыстық әкімдігі.

Өткен ғасырдың 60-жылдары салынған қос қабатты үйлердің әбден тозығы жеткен. Тіпті, арасында салынғанына ғасырдан аса уақыт өткен ғимараттар да кездеседі.

Енді апатты жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу үшін қалалық әкімдік өзге өңірлердің тәжірибесіне, яғни мемлекеттік-жеке әріптестіккке жүгінбекші.

"Қазіргі таңда тоғыз қабатты 90 пәтерлік екі үйдің жобасын жасақтаудамыз. Ол үйлер қазіргі екі апатты үйдің орнынан салынып, тұрғындары сонда көшірілетін болады. Құрылысты "Болашақ - Т" және "СВ-плюс" ЖШС-і жүргізеді. Олар заманауи технологияларды пайдалану арқылы құрылысты қысқа мерзімде әрі сапалы салып шығуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан салынған үйлерге қажетті коммуникацияларды жеткізіп береді", - дейді Орал қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің жетекшісі Мәлік Еснияз.

Оның айтуынша, құрылысты биылғы күзде бастау көзделуде. Оған дейін алдымен сүрілетін үйді анықтап, оның тұрғындарын уақытша баспанамен қамту мәселесін шешіп алу керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны