29.07.2017, 09:43 6074

"Оралман" фильмі ХІІІ Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде гран-при жеӊіп алды

"Еуразия" кинофестивалі еліміздегі ғана емес, жалпы Орталық Азия аумағындағы еӊ үлкен киноалаӊ. Сондықтан да бұл кинофестивальдіӊ еӊ басты жүлдесін жеӊіп алу мен үшін абырой. Осы орайда түсірілім тобын жеӊісімізбен құттықтағым келіп отыр, өйткені, олар болмаса мен бұл жүлдені ұтып алмас едім, - деді Сәбит Құрманбеков.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan Today - Режиссер Сәбит Құрманбековтіӊ "Оралман" толықметражды көркем фильмі ХІІІ Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде гран-при жүлдесін иеленді,- деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясыныӊ баспасөз қызметі.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ("Қадам" ЖШС студиясыныӊ қатысуымен) ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген бұл картина кинофестивальдіӊ негізгі бағдарламасына қатысқан жалғыз отандық туынды.

- "Еуразия" кинофестивалі еліміздегі ғана емес, жалпы Орталық Азия аумағындағы еӊ үлкен киноалаӊ. Сондықтан да бұл кинофестивальдіӊ еӊ басты жүлдесін жеӊіп алу мен үшін абырой. Осы орайда түсірілім тобын жеӊісімізбен құттықтағым келіп отыр, өйткені, олар болмаса мен бұл жүлдені ұтып алмас едім, - деді Сәбит Құрманбеков.

"Оралман" фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соӊ Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен.

- Фильм кинофестивальдерде зор бағаланып жатыр. Иранда өткен

кинофестивальде басты жүлдеге ие болды. Мен бұған қуанам. Алайда мен үшін еӊ бастысы бұл фильмді қарапайым көрермендерге көрсету. Осы Астанадағы көрсетілімде көрермендер фильмді жақсы қабылдады және ирандық аудитория да, оныӊ ішінде этникалық қазақтар қызыға көрген болатын. Біз "Оралман" фильмін үстіміздегі жылы жалпыұлттық прокатқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, шет елдерде, әсіресе қазақ диаспоралары бар мемлекеттерде прокаттауды көздеп отырмыз.

Негізі 1998 жылы қаланған Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі Орталық Азиядағы еӊ үлкен кинофорум болып табылады. Биылғы жылы фестиваль аясында барлық конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларға қатысқан толықметрлі және қысқаметрлі, авторлық және жанрлық фильмдердіӊ рекордтық көрсеткіші - 296 картина көрсетілді. Негізгі конкурстық бағдарламада 13 толықметрлі және қысқаметрлі фильмдер конкурсында 30 картина қатысты. Ал фестивальге 200 ден астам қонақ шақырылды. Олардыӊ қатарында Николас Кейдж, Эдриен Броуди және Джон Малкович бар.

Кинофестиваль тарихында алғаш рет ТМД елдері және Қытай, Үндістан, Оӊтүстік Корея, АҚШ және Еуропа елдерінен келген дистрибьютерлердіӊ қатысуымен Eurasia Film Market кинонарығы өтті. Ал Eurasia Spotlight бизнес алаӊы әдеттегідей киножобалардыӊ қызықты питчингтерін, кино саласы маӊындағы түрлі тақырыптарға негізделген дөӊгелек үстелдерді, баспасөз-конференцияларын, шеберлік-сыныптарын және киноиндустрияныӊ үздік мамандары қатысқан арнайы іс-шараларды ұсынды.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген фильмдер әр жылдары "Еуразия" кинофестивалініӊ түрлі жүлделерін және Гран-приін жеӊіп алған. Мәселен, Данияр Саламаттыӊ "Икем екеуміз" картинасы, Серік Апрымовтыӊ "Бауыры" және Нариман Төребаевтыӊ "Шуақты күндері" үздік режиссура жүлдесін иемденсе, Жаӊабек Жетіруовтыӊ "Дүние жарық" және Абай Құлбайдыӊ "Стриж" фильмдері "Үздік Азия фильмі" атанған, ал Ардақ Имірқұловтыӊ "Қош бол, Гүлсары" картинасы Гран-приге лайық деп танылған.

Естеріӊізге сала кетейік, үстіміздегі жылдыӊ сәуір айында Иранныӊ астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ "Оралман" фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені - "Азияныӊ үздік фильмі" жүлдесін жеӊіп алды.

Фильм жайлы: Фильм ХХ ғасырдыӊ 30-шы жылдары қызыл әскердіӊ жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттыӊ бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдыӊ отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады. Таулы қышлақтан шыққан отбасыны ұзақ жол күтеді.

Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Қадам" ЖШС (кинокомпания) қатысуымен

Жанры: әлеуметтік драма

Режиссері: Сәбит Құрманбеков

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар, Сәбит Құрманбековтіӊ қатысуымен

Қоюшы операторы: Марс Умаров

Қоюшы суретшісі: Рустам Одинаев

Композиторы: Айдос Сағат

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны