26.02.2008, 13:25 2985

Өріктау газ кен орнында жылына 1,5-2 млрд текше метр көгілдір отын өндіріледі - ҚМГ басшысы

Өріктау газ кен орнында жылына 1,5-2 млрд текше метр көгілдір отын өндіріледі - ҚМГ басшысы

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының басшысы Ұзақбай Қарабалиннің пікірінше, "Өріктау" газ кенішіне жылына 1,5-2 млрд текше метр көгілдір отын өндіріледі. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында хабарлады.

"Онда 40 млрд текше метр газ және 8 млн тонна сұйық көмірсутегі бар", - деді Ұ. Қарабалин "Өріктау" кенішіндегі газ көлемі туралы журналистердің қойған сауалдарына жауап бере отырып.

"Болжам бойынша жылына 1,5 - 2 миллиард текше метр газ өндіріледі деп күтілуде", - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Өріктау" газ кенішін бір айдың ішінде ҚМГ балансына өткізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны