17.10.2008, 14:38 1754

Өркениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты республиканың ішкі сұранысымен сабақтас - Назарбаев

"Ғаламдық өркениетаралық, мәдениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты, сан қырлы мәдениеті бар республиканың ішкі сұранысымен сабақтас, біздің халқымыздың қалыптасқан әлемдік танымымен тамырлас ", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өркениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты республиканың ішкі сұранысымен сабақтас. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" атты конференциясында сөйлеген сөзінде пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ғаламдық өркениетаралық, мәдениетаралық диалог орнату жөніндегі Қазақстанның белсенді ұстанымы көпұлтты, сан қырлы мәдениеті бар республиканың ішкі сұранысымен сабақтас, біздің халқымыздың қалыптасқан әлемдік танымымен тамырлас ", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны