07.12.2009, 18:10 3867

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту қажет - ҚР ТЖМ

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту қажет - ҚР ТЖМ

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today -ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтуды ұсынады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен келесі аптада парламентте өтетін үкіметтік сағатта бұл мәселені көтеретін боламын", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, көптеген басшылар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқауларды орындамайды.

"Біз жекелеген мектептерге жыл сайын дерлік нұсқау береміз, бірақ директорлар қаржы тапшылығын алға тартып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды одан әрі жалғастыра береді. Бұдан былай ондайға жол берілмейді. Біз қазір оларда балалар оқып жатыр ма, жоқ па дегенге қарамастан, соттарға мектептерді жабу жөнінде шағымдар түсіруді жиілеттік", - деді министр.

"Мәслихаттардың депутаттары әсіресе мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде өрт қауіпсіздігін нығайтуға жеткілікті қаржы бөлуге тиіс", - деді В.Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны