12.07.2018, 18:55 3369

Орта Азия мемлекеттері шекараалық су мәселелеріне байланысты сұрақтарды талқылады

Бұл кеӊестіӊ негізгі мақсаты - Орталық Азия аймағыныӊ және көршілес елдердіӊ сарапшыларын су ресурстарын басқаруға тартылған салалардыӊ ынтымақтастығын қамтамасыз етудегі тәжірибесімен алмасу үшін біріктіру және аймақтық деӊгейде салааралық өзара әрекеттестікті нығайтудыӊ ортақ тәсілдерін, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда судыӊ рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Орталық Азияныӊ 10 мемлекетініӊ өкілдері (Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан), халықаралық ұйымдар (БҰҰ ЕЭК, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым) мемлекеттік емес ұйымдардыӊ өкілдері шекараалық су ресурстарына байланысты сұрақтарды Су ресурстарын басқару бойынша салааралық ынтымақтастықты нығайту және судыӊ рөлін күшейту жөніндегі аймақтық кеӊесінде талқылады.

Бұл кеӊестіӊ негізгі мақсаты - Орталық Азия аймағыныӊ және көршілес елдердіӊ сарапшыларын су ресурстарын басқаруға тартылған салалардыӊ ынтымақтастығын қамтамасыз етудегі тәжірибесімен алмасу үшін біріктіру және аймақтық деӊгейде салааралық өзара әрекеттестікті нығайтудыӊ ортақ тәсілдерін, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда судыӊ рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

Кеӊес мүдделі секторлар арасында, соныӊ ішінде су ресурстары, қоршаған орта, энергетика және денсаулық сақтау салаларында су ресурстарын кешенді басқарудағы диалогты дамытуға арналған.

Кеӊестіӊ барысында қатысушылар қазіргі таӊдағы кемшіліктерді салааралық ынтымақтастықты дамытудыӊ тиімді жолдарын талқылай отырып, аймақтық ұсыныстарды әзірледі, осы ұсыныстар болашақта Халықаралық суды бағалау орталығыныӊ жұмыс бағдарламасында қолдау табуы мүмкін.

Анықтама: Халықаралық суды бағалау орталығы - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) арасындағы өзара түсінік туралы Меморандум негізінде шекарааралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияныӊ Тараптары Кеӊесініӊ шешіміне сәйкес құрылған су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі халықаралық ынтымақтастық орталығы.

2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық суды бағалау орталығыныӊ ашылуы өтті. Кеӊсеніӊ ашылуы аймақтық диалогтыӊ тиімділігін арттыруға халықаралық ұймдармен су мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеӊейтуге бағытталған қадам болды. Орталықтыӊ Қазақстанда жұмыс істеуі елге аймақтық және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға және әлемдік қоғамдастыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Орталықтыӊ негізгі міндеті шекараалық су конвенциясын жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады. Халықаралық суды бағалау орталығы өз кезегінде Орталық Азия елдеріне, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК аймағына кіретін және одан тыс елдерге ерекше көӊіл бөледі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны