18.07.2014, 19:29 3508

Орталық Азия елдерінің үкімет басшылары трансшекаралық су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Бүгін Алматыда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан үкіметтерінің басшылары орынбасарларының қатысуымен Рогун ГЭС құрылысының жобасы бойынша консультацияның 5-ші раунды өтті, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Алматыда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан үкіметтерінің басшылары орынбасарларының қатысуымен Рогун ГЭС құрылысының жобасы бойынша консультацияның 5-ші раунды өтті, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастады.

Кездесу тақырыбы іргелі елдер өкілдері арасында трансшекаралық су ресурстарын басқару тетіктерін талқылау болды.

Қатысушылар Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің алдын ала есебін қарады. Бұл есепті дайындауға Қазақстан белсенді қатысқанын, ол өзара консультациялар мен талқылаулар процесі арқылы өткенін атап өткен жөн.

Кездесу аясында қазақстандық тарап барлық іргелі елдер ынтымақтастығының тетіктерін күшейту бөлігіне бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тағы бір кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің қорытынды есебі қаралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны