14.01.2013, 12:39 3008

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты ашылмақ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты ашылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ведомстваның ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты ашылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты ашылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ведомстваның ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

"Мемлекеттік органдардың тиімді өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету және билік қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында жақын арада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің "ortcom.kz" атты ресми ғаламтор парақшасын ашуды жоспарлап отырмыз. Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын басшылыққа ала отырып, аталмыш ақпараттық ресурс Орталық коммуникациялар қызметінінің айқындалған негізгі міндеттері мен 2050 жылға дейінгі Қазақстанның жаңа саяси бағытын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ілгерілету барысына қолдау болады деп үміттенеміз", -деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны