10.04.2015, 10:26 4090

Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 50 байқаушыны аккредиттеді

2015 жылғы 10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердіӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердіӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 50 байқаушыны аккредиттеді.

Олардыӊ 37-сі - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 2-еуі - ШЫҰ-нан байқаушылар Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесінен, сондай-ақ екі байқаушыдан - Латвия Республикасынан, Румыния мен Украинадан, сондай-ақ бір байқаушы - Эстония Республикасынан.

Осылайша, 2015 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардыӊ үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі мен Түркітілдес мемлекеттердіӊ Парламенттік Ассамблеясы) мен 32 шет мемлекеттен 452 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ 134 өкілін аккредиттеді.

Қазіргі жағдай бойынша барлығы 586 байқаушы аккредиттелді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны