14.04.2015, 10:58 3710

Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 44 байқаушыны аккредиттеді

Олардыӊ 25-і - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі - Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ныӊ Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес елдердіӊ Парламенттік Ассамблеясынан, сондай-ақ үш байқаушы - Қытай Халық Республикасынан, 2-еуі - Молдова Республикасынан және бір-бірден - Хорватия Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 14 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымныӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша төрт халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 44 байқаушыны аккредиттеді.

Олардыӊ 25-і - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі - Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ныӊ Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес елдердіӊ Парламенттік Ассамблеясынан, сондай-ақ үш байқаушы - Қытай Халық Республикасынан, 2-еуі - Молдова Республикасынан және бір-бірден - Хорватия Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.

Осылайша, 2015 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардыӊ үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі және Түркітілдес елдердіӊ Парламенттік Ассамблеясы) мен 33 шет мемлекеттен 469 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ 134 өкілін аккредиттеді.

Осы сәтке шет мемлекеттердіӊ, халықаралық ұйымдардыӊ байқаушылары мен шетелдік БАҚ-тардыӊ өкілдері, барлығы 630 адам аккредиттелді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

Баспасөз хабарламасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны