07.02.2011, 15:58 3466

Орталық сайлау комиссиясына екі адам президент сайлауына қатысуға өтініш берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерден өтініш келіп түсті. Өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров пен Сәлім Өтен құжаттарын тапсырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерден өтініш келіп түсті. Өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров пен Сәлім Өтен құжаттарын тапсырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Уәлихан Қайсаров пен Сәлім Өтен бұған дейін де 2005 жылғы сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынған.

Ол кезде ОСК Уәлихан Қайсаровты қолдау үшін түскен 87400 қолдың 26 мыңы заңсыз деп танылуымен байланысты, оны ҚР Президентіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартатыны туралы шешім қабылдаған еді.

Құжаттарды толық тапсырмағаны үшін Сәлім Өтенге қатысты да осындай шешім қабылданған болатын.

ОСК баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, өзге үміткерлер аталған органға әлі хабарласпаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны