12.08.2026, 18:15 20521

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушыларды қосымша аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушыларды қосымша аккредиттеді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына тағы 405 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Байқаушылар 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан қатысады.

ҚР ОСК

ҚР ОСК

"Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан 405 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД миссиясынан 75 байқаушы, ТМД ПАА-дан 23 кандидат, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 208 байқаушы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан 23 байқаушы, Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясынан 10 кандидат, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының миссиясынан 22 адам, ШЫҰ миссиясынан 11 кандидат, АӨСШК-ден 9 байқаушы, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымынан 7 адам, сондай-ақ Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд және Тәжікстаннан 17 кандидат бар", - деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.


Ол халықаралық байқаушыларды аккредиттеу әлі жалғасып жатқанын және ұсыныстардың түсуіне қарай мәліметтер жаңартылатынын атап өтті.

Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына Орталық сайлау комиссиясы 656 байқаушыны аккредиттеді.

Бүгін сондай-ақ жеті партияның төрағалары қорытынды теледебатты қашан және қайда өткізетіні белгілі болды.

Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген еді.

Құрылтайдың алғашқы құрамының депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны