02.06.2008, 18:16 3162

Өртке қарсы күрес қызметінің жабдықталуы қазіргі талаптарға сай келмейді - ТЖМ басшысы

Өртке қарсы күрес қызметінің жабдықталуы қазіргі талаптарға сай келмейді - ТЖМ басшысы

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің жабдықталуы қазіргі талаптарға сай келмейді. Бұл туралы бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағатта" ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Пайдаланудан алып тастауды талап ететін өрт сөндіру көліктерінің саны жаңадан әкелінген көліктердің санынан артық және бұл айырмашылық жыл өткен сайын ұлғайып келеді, бұл автокөліктер паркінің қарқынды ескіруіне алып келеді және оның сенімділігіне әсер етеді", - деп мәлімдеді В. Божко.

Ол сонымен бірге "қазір Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің тек 313 елдімекенді, яғни, қалалар мен елдімекендердің 2% ғана қорғайтынын" еске салды. "Ауылдық жерлерде жағдай тіптен мүшкіл, онда елдімекендердің 90% ҚР ТЖМ өртке қарсы күрес қызметтері жететін нормативтік қашықтық радиусынан тысқары жатыр. Ал барлық өрттердің 60% дейінгі көлемі жыл сайын осындай жерлерде шығады", - деді министр.

"Өрттерге жауап қату жағдайын жетілдіре түсу үшін таяудағы 10 жылда бюджетке жыл сайын 15-20 өрт сөндіру бөлімшесін салуды қарастыру қажет, ал жалпы алғанда 186 депо салу керек", - деді В. Божко.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "бүгінгі жағдаймен өртке қарсы күрес қызметі органдарының қызметкерлері құрамын қызмет киімімен қамтамасыз ету күрделі проблема күйінде қалып отыр".

"Қолданыстағы дабыл жүйесі әбден ескірген, жаңалауды талап етеді. Радиобайланысы құралдарының 62% астамы белгіленген ресурсын түгесіп, талапқа сай болмай қалды", -деді ТЖМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны