28.03.2012, 16:33 3132

Осы аптада еліміз бойынша 4099 қылмыс тіркеліп, оның 2057-нің ізі суымай ашылды

Сондай ақ,бұрын жасалған 776 қылмыстың 179 анықталды. Іздеу жарияланған 132 қылмыскер табылып, 14 қару тәркіленді. 51 есірткі қылмысы ашылып, 27 сату фактісі нақтыланды. 55 келіден аса есірткі зат, оның ішінде 9 келіден аса героин алынған.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Осы аптада еліміз бойынша 4099 қылмыс тіркеліп, оның 2057-нің ізі суымай ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ өткізген брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Сондай ақ,бұрын жасалған 776 қылмыстың 179 анықталды. Іздеу жарияланған 132 қылмыскер табылып, 14 қару тәркіленді. 51 есірткі қылмысы ашылып, 27 сату фактісі нақтыланды. 55 келіден аса есірткі зат, оның ішінде 9 келіден аса героин алынған.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес құрылымдары шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткі контрабандасының Қазақстанға өту арналарын жою мақсатында бірқатар арнайы операциялар өткізді. Астана қаласының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті қызметкерлерінің қатысуымен елордаға есірткі заттарын жеткізу арналарының жолын кесті.Операция нәтижесінде Астана қаласында соңғы 5 жылдағы ең ірі героин партиясы ұсталды,-деді министрліктің өкілі.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті Қырғыз Республикасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Қырғыз және Қазақстан жерлерінде осы есірткі арнасына қатысы бар басқа тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын өткізуде. Осы іс-шара барысында Қырғызстан Республикасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі арнасына қатысы бар бірнеше адамды Қырғыз Республикасының оңтүстігінде анықтап, қолға түсірді. Заңсыз айналымнан операция кезінде құны 25 миллионға жуық теңгені құрайтын героин алынған",- деп мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны